«Вёрваг Фарма Қазақстан» ЖШС

050057, Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев көш., 42/15 үй, О12 литері, (15-корпус), 312-кеңсе

Мильгамма® композитум

Арқа ауырған кезде көмектесетін 3 жылдам кеңес

Омыртқаның мойын бөлігі ауыра ма немесе беліңіз қатты ауыра ма? Кейде ауырсыну адамның күнделікті іс-әрекетін шектемеуі үшін оны мүмкіндігінше тезірек жеңілдету қажет. Арқа ауруын жеңілдетуге көмектесетін 3 қарапайым кеңес ұсынамыз.

1. Суықты қолданыңыз

Егер мәселе кейде қабыну кезінде кездесетіндей жүйкенің тітіркенуінен туындаса, суық көмектесуі мүмкін. Қабынуды азайту үшін ауыратын жерге мұз басыңыз. Суық бұлшықеттердің ауырсынуға сезімталдығын төмендетеді және осы аймаққа қан ағымын азайтады. Мұны қалай жасау керек? Кәдімгі пакет немесе полиэтилен қапшық жарайды. Оны мұзбен толтырып, ауыратын жерге басыңыз, бірақ абай болыңыз! Алдымен пакетті сүлгімен ораңыз — мұзды ешқашан теріге тікелей баспаңыз. Ауыратын жерді 5–10 минут салқындатыңыз, содан кейін шамамен 40 минуттан соң процедураны қайталаңыз. Жарақаттан және ауырсыну пайда болғаннан кейінгі алғашқы 24–72 сағат ішінде суық компресс қолдану ұсынылады. Ал ұзақ уақытқа созылған мәселелер кезінде, керісінше, жылы компресс ұсынылуы мүмкін.

2. Қозғалысты тоқтатпаңыз

Бұрын арқа ауруынан зардап шегетін адамдарға мүмкіндігінше аз қозғалу ұсынылатын. Шалқасынан жатып, тізені бүгіп, табанды төсекке тіреу шынымен де жеңілдік беруі мүмкін және тиімді тәсіл болып саналады. Алайда жалпы алғанда дәрігерлер дене белсенділігін сақтауды ұсынады, өйткені бұл арқа ауруымен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ауырсыну пайда болған кезде ең алдымен аздап демалу ұсынылады. Біраз уақытқа дене қалпын, былайша айтқанда, тұрақтандыру керек: жатып, омыртқа мен мойынды бейтарап қалыпқа келтіруге тырысыңыз. Бастың астына көп жастық қоюдың қажеті жоқ — мойын мен жатқан бетіңіздің арасындағы кеңістікті толтыратын шағын жастық жеткілікті. Демалғаннан кейін біртіндеп қозғалып көруге болады. Қозғалыс та, массаж сияқты, бұлшықеттердің босаңсуына ықпал етеді және тіндердің созылмалы бұзылыстарының дамуының алдын алуға көмектесуі мүмкін. Ауырсыну сәл басылғаннан кейін әдеттегі күнделікті белсенділікке оралуға тырысыңыз. Бұл ретте, әрине, ауырсынуды туындататын немесе күшейтетін қозғалыстарды жасамау маңызды.

3. Массаж жасаңыз

Ауырсынуды қатты сезінетін аймақтарды уқалаңыз. Көбінесе ширығып, сіресіп қалатын иық пен мойын бұлшықеттеріне ерекше назар аудару керек. Көптеген адамдарда трапеция тәрізді бұлшықет ең қатты ауыратын аймақ болып табылады. Ол беткей орналасқан және мойыннан иық белдеуі арқылы арқаның едәуір бөлігіне дейін созылады. Жаныңызда массаж жасап беретін адам болмаса, ештеңе етпейді, оны өзіңіз де оңай жасай аласыз. Теннис добын алып, оны ауыратын аймақтармен баяу домалатыңыз. Бұл бұлшықет түйілуін азайтуға ықпал ететін сигналдарды беретін тері рецепторларын белсендіреді. Сондай-ақ арқадағы ауырсыну мен ширығуды жеңілдетуге көмектесетін әртүрлі массаж құралдарын пайдалануға болады.

Алайда көп жағдайда қосымша емдеусіз жасалған массаж қысқа мерзімді ғана жеңілдік береді және мәселенің негізгі себебін жоймайды. Массаждан кейін бір қарағанда мәселе жойылғандай көрінгенімен, оның әсері әдетте уақытша болады. Сондықтан массажды басқа емдеу әдістерімен, мысалы, дәрі-дәрмекпен емдеумен немесе оңалтумен бірге қолдану ұсынылады. Жоғарыда айтылғандай, өзіңізге сәйкес келетін тұрақты дене белсенділігі де маңызды: омыртқаны оңтайлы күйде ұстау үшін бұлшықеттерді нығайту қажет. Сонымен қатар B тобы дәрумендерінің, әсіресе B1, B6 және B12 дәрумендерінің жеткілікті мөлшерде түсуі маңызды.

B тобы дәрумендері, әсіресе арқа ауруы жүйкелердің зақымдануымен немесе тітіркенуімен байланысты болса, оны жеңілдетуде көмекші рөл атқаруы мүмкін. B1, B6 және B12 дәрумендері жүйке жүйесінің қалыпты жағдайын сақтауға ықпал етеді және зақымданған жүйкелердің қалпына келуін қолдауы мүмкін. Бұл дәрумендердің жүйке жүйесі үшін маңыздылығы:

- B1 дәрумені (тиамин): энергия өндіруге қатысады және жүйке жасушаларының қалыпты қызметін қолдайды.

- B6 дәрумені (пиридоксин): нейромедиаторлардың синтезі және жүйке жүйесінің қалыпты қызметін сақтау үшін қажет.

- B12 дәрумені (кобаламин): жүйке талшықтарының қорғаныш қабығын сақтау және қалпына келтіру үшін қажет.

B тобы дәрумендері арқа ауруы жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстармен байланысты болса, көмекші құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Алайда олар физиотерапияны, ауырсынуды басатын препараттарды және басқа да емдеу әдістерін қамтуы мүмкін кешенді емдеу тәсілінің бір бөлігі ретінде қолданылуы тиіс. Жеке ұсынымдар алу үшін әрдайым медицина маманымен кеңесу қажет.

Дәріханалардан табу

Kaspi
Rauza-ADE
AptekaPlus
Добрая аптека
Europharma
Daribar
Biosfera
Aurma

Қарсы көрсетілімдер бар, маманмен кеңесу қажет