«Вёрваг Фарма Қазақстан» ЖШС
050057, Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев көш., 42/15 үй, О12 литері, (15-корпус), 312-кеңсе

Мильгамма® композитум құрамында В тобының 2 дәрумені бар: майда еритін бенфотиамин (B1) және пиридоксин (B6), олар бірге қолданылған кезде бір-бірінің әсерін күшейтеді8.
Мильгамма® композитум препаратының құрамындағы В1 және В6 дәрумендері олардың тапшылығын толықтыру есебінен ауырсыну, күйдіру, шаншу және денеде құмырсқа жүргендей сезім сияқты нейропатия симптомдарын азайтуға көмектеседі5,15 (В1 және В6 дәрумендерінің тапшылығы расталған жағдайда).
Препаратты тәулігіне 100 мг дозада 6 айдан астам қолданған кезде нейропатиялар (аяқ-қолдың ұюы және күйдіру сезімі) да дамуы мүмкін. Нейропатия B6 дәруменінің артық дозалануы кезінде де дамуы мүмкін. Сондықтан қабылдау ұзақтығын дәрігер бақылайды. Қолдану жөніндегі ұсынымдарды қатаң сақтаңыз және дәрігермен кеңесіңіз8.
Егер емдеуші дәрігер басқаша тағайындамаса, ересек пациент тәулігіне 1 таблеткадан қабылдауы керек. Жедел жағдайларда дәрігермен кеңескеннен кейін дозаны күніне 3 рет 1 таблеткаға дейін арттыруға болады. 4 апта емдегеннен кейін дәрігер препаратты жоғары дозада қабылдауды жалғастыру қажеттілігі туралы шешім қабылдап, В6 және В1 дәрумендерінің жоғары дозасын тәулігіне 1 таблеткаға дейін төмендету мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Мүмкіндігінше, В6 дәруменін қолданумен байланысты нейропатияның даму қаупін азайту мақсатында дозаны тәулігіне 1 таблеткаға дейін төмендету керек8.
18+
Мильгамма® композитум таблетка түрінде шығарылады және 30 және 60 таблеткадан тұратын қаптамаларда сатылымда бар. Сондай-ақ «Верваг Фарма» ЖШС өнімдер портфелінде В тобы дәрумендерінің инъекциялық түрі бар, ол рецепт бойынша босатылады7.
Алкоголь B1 дәруменінің сіңуі мен метаболизмінің бұзылуын туындатып, оның тапшылығына әкелуі мүмкін16. Алкогольмен бір мезгілде қолдану организмде B6 дәруменінің тапшылығына әкелуі мүмкін. Демек, алкогольді қатар қолдану препараттың тиімділігін төмендетуі мүмкін8.
Қарсы көрсетілімдер бар, маманмен кеңесу қажет