«Вёрваг Фарма Қазақстан» ЖШС

050057, Алматы қ., Бостандық ауданы, Тимирязев көш., 42/15 үй, О12 литері, (15-корпус), 312-кеңсе

Мильгамма® композитум

Арқаңыз ауыра ма? Пилатеспен айналысып көріңіз!

Пилатес — дененің терең бұлшықеттерін, «кор» деп аталатын бұлшықеттерді нығайтуға, сондай-ақ икемділік пен дененің жалпы тепе-теңдігін жақсартуға бағытталған танымал жаттығулар жүйесі. Арқа ауруынан зардап шегетін көптеген адамдар үшін пилатес жағдайды жақсартудың тиімді тәсілі болуы мүмкін, сондай-ақ алдын алу мақсатында қолданылуы мүмкін. Неліктен?

Егер арқаның терең бұлшықеттері әлсіресе, омыртқа шамадан тыс жүктемеге, дене қалпының бұзылуына және соның салдарынан ауырсынудың пайда болуына бейім болады. Пилатестің негізі «кор» деп аталатын дене орталығының бұлшықеттерімен жұмыс істеуге негізделген. Сондықтан арқа ауруын сезінетін адамдар үшін дене белсенділігінің бұл түрі қолайлы нұсқа болуы мүмкін.

Омыртқаға қолдау қажет

Пилатестің негізінде дене орталығының бұлшықеттерін нығайту жатыр, оларға іштің терең бұлшықеттері, жамбас түбі бұлшықеттері, бөксе бұлшықеттері және арқаның терең бұлшықеттері жатады. Бұл бұлшықеттер омыртқаны қолдауда және денені дұрыс қалыпта ұстауда маңызды рөл атқарады. Оларды нығайта отырып, біз дене мен омыртқаны дұрыс қалыпта ұстауды, сондай-ақ қозғалыс пен тыныс алуды үйлестіруді үйренеміз.

Пилатес кімдерге қолайлы?

Пилатес іс жүзінде барлығына қолайлы: егде жастағы адамдарға, жүкті әйелдерге, артық салмағы бар адамдарға, кәсіби спортшыларға, жарақаттан кейінгі адамдарға, қозғалысы шектеулі адамдарға және тіпті күш пен эстетикалық спорт түрлерімен айналысатын кәсіби спортшыларға. Жаттығуды бастамас бұрын дәрігермен кеңесу маңызды. Әсіресе жаңадан бастаушыларға тәжірибелі жаттықтырушының жетекшілігімен айналысу ұсынылады. Күрделілік деңгейі әртүрлі жаттығулардың кең таңдауының арқасында әр адам жаттығуларды өз қажеттіліктері мен дене мүмкіндіктеріне бейімдей алады.

Пилатестің негізгі қағидаттары

Пилатес — жай ғана жаттығуларды орындау емес. Төмендегі негізгі қағидаттарға негізделген дұрыс әрі дәл техника үлкен маңызға ие:

  • Бақылау: Жарақат алу қаупін азайту және жаттығулардың барынша тиімді болуын қамтамасыз ету үшін әрбір қозғалысты мүмкіндігінше бақылай отырып орындау қажет.
  • Зейін қою: Жаттығуларды дұрыс орындау үшін толық зейін қою қажет. Ақыл мен дене үйлесімді жұмыс істеуі керек.
  • Орталықтандыру: Барлық қозғалыстар «кордан» — дененің орталығынан басталады. Бұл әрбір жаттығуды орындау кезінде дененің тұрақтылығын қамтамасыз ететін өзіндік күш орталығы.
  • Бірқалыптылық: Қозғалыстарды қажетсіз үзілістерсіз және шамадан тыс ширықпай, бірқалыпты орындау керек.
  • Дәлдік: Пилатес қозғалыстардың дәлдігіне негізделген. Дұрыс емес техникамен көп рет орындағаннан гөрі, аз қайталап, дұрыс орындаған жөн.
  • Тыныс алу: Дұрыс тыныс алу — пилатестің ажырамас бөлігі. Әрбір жаттығудың қозғалыстарды үйлестіруге көмектесетін және зейінді жақсартатын белгілі бір тыныс алу ырғағы бар.

Дәріханалардан табу

Kaspi
Rauza-ADE
AptekaPlus
Добрая аптека
Europharma
Daribar
Biosfera
Aurma

Қарсы көрсетілімдер бар, маманмен кеңесу қажет